Шығыс Түркістанда Қытай тарапынан жасалып жатқан зұлымдықты жек көре айыптаймыз

1949 жылдан бері Қытай Халық Республикасы басқаруында тұрған Шығыс Түркістанда адам құқықтарының бұзылуы өмірдің барлық салаларында күшейе отырып жалғасуда.
Қытай Үкіметі, әсіресе аймақта тұратын жергілікті халықтан құтылу үшін енгізген және 2018 жылы спутниктік суреттер мен куәліктер арқылы дәлелденгеннен кейін мойындалған "жинақтау лагерьлерін" қылмысты және қылмыскерді жасыру арқылы "кәсіптік оқыту курсы" ретінде әлемге мойындатуға тырысуда, осылайша Шығыс Түркістандықтарды терроризмнен, алалаушылықтан және радикализмнен арылтады деп мәлімдеуде. Шын мәнінде бұл лагерьлерде адамзатқа қарсы қылмыстар санатына жататын қылмыстар жасалуда және лагерьлерде қалған көптеген адамдардан қайта хабар алынбай отыр.
Бір ұлтты және бір діни сенімді жоюға бағытталған жүйелі әрекеттердің бар екенін ескерсек, аталған әрекеттердің 'Адамзатқа қарсы қылмыстар' аясында екені даусыз ақиқат.
Қытай Үкіметі "Радикализммен күрес ережесін" қабылдаған 2017 жылғы наурыздан бері, Шығыс Түркістан аймағында лагерьлерге қамалған ұйғыр түріктерінің саны тез өсуде. Ережеге сәйкес "қалыпты" емес сақал қою, пәренже немесе орамал тағу, намаз оқу, ораза ұстау, алкоголь ішпеу немесе ислам не ұйғыр мәдениетіне қатысты кітаптар не жазбаларды ұстау да қоса алғанда, діни немесе мәдени сәйкестікті ашық немесе тіпті жеке кеңістікте көрсету "радикализм" деп бағалануда.
Жұмыс немесе оқу мақсатында әсіресе мұсылман халқы басым елдерге бару немесе Қытайдан тыс тұратын адамдармен байланыс орнату да адамдарды күдікті жағдайға түсіретін негізгі себептердің қатарында. Ер-әйел, жас-кәрі, қала-ауыл демей, барлығы қамауға алыну қаупі астында.
Amnesty International жариялаған 'Қытай: Олар қайда? Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық ауданындағы жаппай қамаулар туралы жауап беру уақыты' атты есепте бұл құқықбұзушылықтар куәгерлердің мәліметтерімен дәлелденген. Amnesty International-дың Шығыс Азия директоры Николас Бекелиннің осы мәселеге қатысты, "Қытай үкіметінің этникалық азшылықтарға бағытталған лас саясатын жалғастыруына жол берілмеуі тиіс. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі үкіметтер Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық ауданында орын алып жатқан сұмдық үшін Қытайдан есеп сұрауы керек" деген мәлімдемесі де жағдайдың ауырлығын айқын көрсетеді.
Бір ұлт толықтай жоққа шығарылуда, құлшылық ету еркіндігі еленбеуде, түрікше есімдер мен жазбаларға тыйым салынуда, Шығыс Түркістан аймағына әдейі Шыңжаң атауы берілуде. Бұл әрекеттер арқылы ұлттық сана жойылуға ұшырауда. Аталған аймақтың ежелгі қытай жері екені туралы мәлімдемелермен аймақтың тарихы мен құндылықтары ескерілмеуде.
Барлық мүдделі тараптарды осы мәселеде жауапкершілік алуға, БҰҰ Бас Ассамблеясы бастаған халықаралық барлық ұйымдарды шұғыл түрде шектеу шараларын күн тәртібіне енгізуге шақырамыз, халықаралық қауымдастықты Шығыс Түркістан ұйғыр халқы үшін әрекет етуге үндейміз.
(Дереккөз : https://shorturl.at/Zwvd8)